Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін Сенат ЛГБТ насихатын қамтитын құқыққа қайшы контентті таратуды шектеу туралы түзетулерді екінші оқылымда мақұлдағанын хабарлағанбыз.
Естеріңізге сала кетейік, депутат Ирина Смирнова мәжіліс кулуарында ЛГБТ насихатының элементтері бар материалдарды таратуға шектеу қоюға қатысты жаңа ереже туралы айтқан болатын.
Ал депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салумен шектелмей, ол үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынған.
Фото freepik.com
