Kyzylorda-news.kz Қазақстанда медициналық қалдықтарды басқарудың өзекті мәселелері, оның ішінде нормативтік талаптарды жетілдіру және құқықтық қолдану практикасы «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысында қаралды.

Жиынға өңірден партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық филиал жанындағы Экологиялық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов және жауапты басқармалардың басшылары мен кеңес мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Қызылорда облысында 2025 жылдың қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласының мемлекеттік бақылау және қадағалауында 973 денсаулық сақтау объектілері болды (2024 ж.-924), яғни 49 объектіге көбейген, соған қарамастан «Б» және «В» сыныбының медициналық қалдық көлемі азайған. Облыс бойынша қауіпсіз жою қораптарымен қамтылу көрсеткіші-100 пайыз.

Сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күй» туралы Ұлттық деректер банкі (ndbecology.gov.kz) порталы арқылы медициналық қалдықтарға қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептік барысында 2025 жылы 298,4 тонн қалыптасып, мамандандырылған кәсіпорындарға тапсырылған. Қызылорда облысы аумағында медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен айналысатын 2 кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Жиыннан соң күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес өңірде атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

Тағы да оқыңыз: