Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Одан бөлек, Президент «1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Тағы да оқыңыз: