Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық!» атты ұранмен өткізіліп жатыр. Аталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген акция аясында 1 сыныпқа келетін 167 оқушыға «Самрұқ-Қазына» АҚ демеушілігімен мектеп сөмкесі, оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Сонымен қатар, «Аманат» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Бақытты отбасы» жобасы аясында 17 балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесі 2 оқушыға қажетті құрал-жабдықтарды алып берді. Оған қоса, аудан әкімдігінің қолдауымен «Өркен Әлем» ЖШС тігін цехы 100 балаға мектеп формасын арзан бағада тігіп берсе, 60 балаға тегін мектеп формасын үлестірді. Қайырымдылық шарадан ауыл әкімдіктері мен мектептер де қалыс қалмады. Бұл мемлекеттік мекемелер акция аясында 132 балаға көмек көрсетті.

Сонымен қатар аудандағы шаруашылық төрағалары және кәсіпкерлер қайырымдылық акциясына атсалысып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек қолын созуда. Жалпы айтқанда, ауданда оқу жылы аясындағы науқаннан барлық мекемелер мен кәсіпкерлер қалыс қалып жатқан жоқ.

Айта кетейік, науқанға кез келген адам қатыса алады. Атап айтқанда еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мемлекеттік мекемелер үлес қосуына мүмкіндік бар.

Тағы да оқыңыз: