Kyzylorda-news.kz. «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.           

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері 3 баласы бар жалғыз басты әкенің балаларына жаңа оқу жылына мектепке қажетті оқу құралдары мен тәттілер алып берді. Бұл отбасындағы үш бала – үшем. Олар 8 сыныпта оқиды, ал анасы қайтыс болған. Балалардың әкесі мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі  қуанышты көрген мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковигі Ж.Ауешов жаңа оқу жылында сабақтарынды үздік  оқып, жақсы азамат болып өсіңдер деп тілегін білдірді.

Тағы да оқыңыз: