Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиеваның басқаруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Кеңейтілген мәжіліске аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік балабақша меңгерушілері мен жеке балабақша құрылтайшылары және барлық балабақша әдіскерлері қатысты.

Күн тәртібі негізінде білім беруді дамыту секторының бас маманы Г.Исламханова мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша 2023-2024 оқу жылының қорытындысын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының қолданылуы барысы мен бірыңғай кезектілік бойынша атқарылуға тиісті жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Кезекті күн тәртібінің мәселесі бойынша білім бөлімінің есепшісі Г.Халықова мектепке дейінгі ұйымдарда 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша балалардың күнделікті қатысуына қатысты зерделеу қорытындысын баяндады.

Білім бөлімі басшысы Гүлзира Мәжитқызы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстары күнделікті жүйелі ұйымдастырылуын және балабақшаларда балалардың күнделікті қатысуын қадағалап, олардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстау керектігін қатаң тапсырды.

Сондай-ақ, алқа мәжілісі соңында ауданның бас ұстазы мектепке дейінгі ұйым басшыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларын» басшылыққа алып, әдеп кеңесін жүйелі өткізіп отыруды жүктеді.

Тағы да оқыңыз: