Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет бүгін іссапармен Қармақшы ауданына барып, 15 мектептің ыстық тамағына жауапты жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Жиында оқушыларды ыстық тамақпен қамтудың жай-жапсарын талқыланды. Басқарма басшысы кәсіпкерлерге ас сапасын жоғарылатып, заңдылыққа сәйкес жұмыс жасауды айтты.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 29 мектепте бастауыш сынып оқушыларын толық ыстық тамақпен қамтуда 4 кәсіпкер қызмет етуде.

Тағы да оқыңыз: