Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды.

Кандитат Мейрам Қажыкен мұндағы жұмысшыларға өзінің сайлау алды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Жұмысшылар тарапынан әсіресе экономикалық реформалар мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысты  сұрақтар қойылды. 

Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Сейілжан Сайлаубаев инфляцияның өсуі, халық пен бизнестің несиеге батуы, ең төменгі жалақы көрсеткіші сияқты проблемалық мәселелер бойынша пікір білдірді.

Мейрам Қажыкен айтылған пікірлермен келісіп,  бұл тақырыптардың басым бөлігі сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін айтты. 
Сондай-ақ, алдағы уақытта еңбек саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Компания басшысы бұл мәселе бойынша: «жұмыс беруші – мемлекет – кәсіподақ (қызметкерлердің атынан сөйлейтін)» әлеуметтік әріптестік үштігінде біреу көшбасшы бола ма?» деген сауал қойды. 

«Кәсіпкерлер мен кәсіподақтар кез келген мәселелерді бірге шешуі тиіс. Ал көшбасшы Заң болуы керек. Біз әркімнің мүддесі ескерілетін және әр азамат өзі үшін шешім қабылдауға, өз мүдделерін қорғауға құқығы бар мемлекет құрып жатырмыз», – деп атап өтті кандидат.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 11.54.10.jpeg

Тағы да оқыңыз: