Kyzylorda-news.kz. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев сотталғандар мен қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету азаматтық денсаулық сақтау органдарына берілетінін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сотталғандар мен қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі. Тиісті заңға қол қойылды. Медициналық қамтамасыз ету биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 16 тергеу изоляторында және 2023 жылы 1 қаңтардан бастап қалған 64 мекемеде берілетін болады», дейді Мейрам Аюбаев.

Тағы да оқыңыз: