Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін өңірде арнайы болған республикалық және өңірлік коалиция мүшелері ауданның медицина саласы қызметкерлерімен арнайы кездесіп, реформалардың негізгі бағыттары мен алдағы референдумның тарихи мәнін талқылады.

Іс-шараға Сенат депутаттары Руслан Рүстемов пен Нұртөре Жүсіп, облыстық мәслихат төрағасы әрі өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, аумақтық коалиция төрағасы Өмірзақ Елеусінов, облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағанбетов, сондай-ақ аумақтық коалиция мүшелері Қаншагүл Мұстафаева мен Гүлзат Құрманбаева қатысты.

Кездесу барысында Руслан Рүстемов реформалардың негізгі мақсаты – заң үстемдігін нығайту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау екенін атап өтті. Нұртөре Жүсіп Конституция жобасының саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі екенін, құжат ашық талқылаудан өтіп, қоғам пікірлері ескерілгенін айтты. Мұрат Тлеумбетов өкілді органдардың рөлі артып, қоғамдық бақылау механизмдері күшейетінін, бұл азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Коалиция мүшелері нақты жауаптар беріп, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Қатысушылар жаңа Конституция маңызды құжат екенін және алдағы референдум ел үшін шешуші тарихи сәт болатынын атап өтті.

Қоғамдық коалиция 2.jpg

Тағы да оқыңыз: