Kyzylorda-news.kz. 5 тамыз – Медиация күніне орай, Медиация апталығы аясында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен қаладағы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шараға қоғамдық медиатор Жақсыбай Жәкеев, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор, "Бітім" медиация орталығының медиаторы Қыдырбек Рашев және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысып, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Медиация институты, оның тиімділігі, медиация тәсілін меңгеру пайдасы, оның сот өндірісінен айырмашылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелер сөз болды.
Кездесу соңында қызметкерлер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

