Kyzylorda-news.kz  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде жағдай жіті бақылауда екендігін айтты. Бүгінде құтқару қызметі үздіксіз жүріп, елге гуманитарлы және басқа да көмек көрсетілуде. Мемлекет келтірілген залалдардың барлық шығыны өтелетінін, осы апатқа байланысты тиісті шара қабылдайтынын баяндап өтті.

Президенттің Үндеуіне сәйкес ақпарат айдынында беделі бар азаматтар осы бір сәттерде халыққа барынша қолдау беріп, билік пен қоғамды бір арнаға тоғыстыруға атсалысу керек деп білемін. 

Елімізде су тасқынымен күресу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Қазір Қостанай, Ақтөбе облыстарында Қызылорда облысынан барған 66 құтқарушы және 9 арнайы техника, 4 қайық, 20 мотопомпа жұмыс жасауда. Еріктілер барлық аудандар мен Қызылорда қаласынан 112 тонна гуманитарлық көмек (азық-түлік, көрпе-төсек, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары) жинап, Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданына 25 жүк көлігімен жөнелтті. Тасқыннан зардап шеккен басқа өңірлерге де гуманитарлық көмек көрсету үшін «Жастар орталықтары» жанынан, сауда үйлері мен базарлардан пункттер ашылған. 

Еліміздің көгіне төнген қара бұлт тез сейіліп, жұртымыз аманшылықта болсын деп тілеймін!

 

Медет ЖОРАБЕК,
Жастар ресурстық орталығының басшысы

 

Фото:gov.kz

Тағы да оқыңыз: