Kyzylorda-news.kz Ол бұған дейін мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап, ауыр дертке шалдыққан жандардың ем алуына қаражат ұсынып жүргені белгілі.
Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал маска таққан жігіт Рамазан айында ерекше видео жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Ол 30 отбасына баспана сыйлап, жалпы сомасы 1 миллион доллар қаражатқа мұқтаж жандарға көмек көрсетілгенін айтты.
«Құрметті достар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке тілеймін. Алланың көмегімен, сіз және біз болып 30 мұқтаж отбасына баспана сыйлап, 1 миллион доллар қаражат бөлдік», - дейді ол.
Айта кетейік, маскадағы жігіт бұған дейін мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап, ауыр дертке шалдыққан жандардың ем алуына қаражат ұсынып жүргені белгілі. Желі қолданушылары оның әр бейнежазбасына қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп отырады.
Фото: видеодан скрин
