Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көлікті мас күйде басқаратындар күнен күнге көбеюде.

Қарашаның соңғы күнінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлерімен қала орталығындағы Шүкіров көшесінде Мерседес автокөлігі токтатылған.

Тәртіп сақшыларымен құжаттарын тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.

1993 жылы туған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: