Kyzylorda-news.kz Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясы өтті.

Мемлекет басшысы отырыста тасқын сумен күресуге зор үлес қосқан отаншыл азаматтарға алғыс айтып, ризашылдығын білдірді.

Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін және Президент ретінде алдында тұрғын маңызды міндет екенін айтты. Бұл елімізге, халқымызға өте ауыр сынақ болды. Расында, осы кезеңде біз еліміздің мызғымас бірлігімізді көрсете білдік. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Біз бір-бірімізге шынайы жанашырлық таныта білдік. Сонымен қатар, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін қоғамдық кеселдерге қарсы жұмыс жасауға шақырды.

Президенттің айтуынша, Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Осы орайда хабардар етейін, дүйсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерін бірінші оқылымда мақұлдаған болатынбыз.

Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға тәуелділікке қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасы аясында әзірленді. Жалпы қауіпсіз өмір сүру үшін осындай жаман дерттер мен құбылыстардан біржола арылуымыз керек.

Бұл – әсіресе, тәуелесіз елімізге, яғни келешек ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды!

Мархабат Жайымбетұлы,

Парламент мәжілісінің депутаты,

Тағы да оқыңыз: