Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық тәжік-ауған қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы қызылордалықтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

«Құрметті қала тұрғындары! Бүгін елімізде ҚР Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қаралы күн болып белгіленді. Бүгін еліміздің барлық жерінде мемлекеттік Туымыз төмен түсірілді. Бұл оқиға ел тарихында болмаған күн. Ел тыныштығын бұзғысы келген сыртқы күштер ел қауіпсіздігіне сызат түсірді. Елін қорғап, ерлікпен қаза тапқан азаматтарды еліміз ешқашан ұмытпайды. Қаза болған азаматтарымыздың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Барша жерлестерімді Мемлекет басшысын қолдап, қоғамдық тәртіп сақтауға шақырамын. Күшіміз – бірдікте!», – дейді Марат Орынбайұлы.

Тағы да оқыңыз: