Kyzylorda-news.kz. Биыл Қостанай өңірі халқының рухани – діни ордасы атанған Марал ишан мешітіне 130 жыл толды. Тобыл өңірі халқының бойтұмары атанған қасиетті дін үйі мерейтойын қостанайлықтар республикалық деңгейде атап өтуде дайындық үстінде.
Мерейтой алдында оны ұйымдастырушылар, яғни баба ұрпақтары Орал Таңжарықов, Ибраш Естаев, Серік Омаров, Тұрсынбай Сәдуақасов, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысханұлы бастаған бір топ баба ұрпақтары ауданымызда болып, Марал ишан мәңгілік мекен тапқан қорымда баба рухына тағзым етіп, ас берді.
Осы ретте, қадірменді қонақтардың бірі – Орал Таңжарықов ағамызды сөзге тартқанымызда ол: «Биыл өңірімізде аталып өтілетін ірі іс-шараның бірі – үш жүздің Пірі болған Марал ишан баба атындағы Қостанай қаласындағы мешіттің өңір мұсылмандарына діни қызмет жасай бастағанына да биыл 130 толуда. Мерейтой аясында әруақтарға арнап ас беріліп, басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал, біздің киелі Қармақшы өңіріне келуіміздегі басты мақсатымыз – Қостанай өңіріндегі Ұзынкөл ауданынан қарасты Нұрынбет елді мекенінде орналасқан зиратта мәңгілік мекен тапқан Марал ишанның әкесі Құрман Кенжебайұлына тағзым етіп, баба зиратынан бір уыс топырақ алып, қасиетті Қармақшы топырағында Марал баба Құрманұлы мен оның анасы Фатима ана жерленген зиратқа топырақты салу және Марал баба басынан топырақ алып, оны әкесінің зиратына салу болып табылады. Бұл жұмысты да абыроймен атқарып, біздің көңіліміз бірленді», – деді баба ұрпағы.
Ал, енді үш жүздің Пірі болған Марал бабаның әкесі Құрман әулие кім болған, елгое нендей меңбек сіңірген осы жайлы айтып өтсек. Марал ишан күллі қазаққа танымал тұлға. Яғни, үш жүздің Пірі. Ол Кенесары хан әскерінің даңқты қолбасшысы, сенімді серігі, пікірлес болған батыр. Орыс патшасына қарсы ғазауат соғысын жүргізген тұлға деп танимыз. Ал, оның әкесі Құрман әулие Кенжебайұлыне келсек, ол батыр, діндар, емші болған екен. Тарихқа жүгінсек, Жоңғар қонтайшысы Қалден-Сереннің үйленген әйелі, қазақ қызынан туған екі қызының бірін Құрман әйелдікке алған деседі. Одан Марал, Құлқожа, Арал есімді үш ұл дүниеге келген екен. Сонымен қатар, патша әскері қазақ жерінің шекарасына бекініс салып, сол маңда тұратын қазақ халқын ығыстыра бастағанда Құрмаан баба оларға қарсы шығып, орыс әскеріне қарсы тосқауыл құрған деген дерек бар.
Бүгінде Құрман бабаның зираты Тобыл өңірінідегі Троебрат ауылы маңында орналасқан Нұрымбет елді мекеніндегі қорымында. Бұл өңір талай дарын иелеріне, атап айтар болсақ Аспантай абыз, Жолшара әулие, Тәтіқара жырау және басқа да иісі қазаққа танымал тұлғалардың атакмекені болған.
«Біз өмірден өткен Әлжан есімді атамыздың өз ұрпақтарына көрсетіп кеткен Құрман баба жерленген қорымға барып зират етер кезде сол өңірдегі аудандық «Балықты» мешітіне аялдап, әруақтарға Құран бағыштадық. Содан кекйін Құрман бабамыздың басына барып, ұрпақтары атынан тағзым етіп, дұға жасадық. ТБаба ұрпақтары үшін тағы бір қуанышты жаңалық, жуырда Ұзынкөл ауданы ақсақалдарының, жамағатының шешімімен «Балықты» мешітіне «Құрман әулие» есімі берілетін болыпты. Бұл баба ұрпақтары ғкана емес, күллі қазақ жамағаты үшін үлкен қуаныш. Осы жерде айта кететін бір ерекше жайт, қасиетті Қармақшы еліне сапарымыздың басты мақсаты Марал баба басына Құран бағыштап, зиярат ету. Сонымен қатар, Құрман баба басынан алған бір уыс топырақты Марал ишан басына қойып, одан алған топырақты Құрман әулие басына апару. Иә, адамзат баласы үшін ең үлкен қасиет – имандылық. Имандылық бар жерде бәрі бар. Қанағат та, байлық та, мейірімділік те, патриотизм де, сыйлдастық та бар. Біз қазақ халқы осының бәрін ұстанған ұлтпыз. Осы ретте, бізді күтіп алған қармақшылық ағайынға ерекше ыстық ықыласымды жеткізіп, алғаусыз алғысымды айтқым келеді. Сонымен қатар, Құрман бабамызға арнап ескерткіш белгі қойған Қызылорда қаласының тумасы, Алла оған денсаулық, кәсібіне береке берсін Марат қажы Аяповқа да ерекше риашылығымды білдіргім келеді», – деді баба ұрпағы Ибраш Естаев ағамыз.
Ел, енді Тобыл өңірінен арнайы сапарлап келген қонақтарды күтіп алған еңбек ардагері, Қауыс ишан ұрпағы Смағұл аға өз сөзінде: «Қостанайлық ағайындардың ауданымызға сапарынан біз біршама баба туралы маңызды деректер алдық. Жақында Тобыл төрінде өңір халқының діни орда атанаған Марал ишан мешітінің 130 жылдық мерейтой аталып өтіледі екен. Олар арнайы шақырту әкеліп, сол іс-шараға қатысуымызды қалап отыр. Алла разы болсын. Құдай қаласа барамыз. Ол той бізге де ортақ. Сонымен қатар, Орал ақсақал бастаған қонақтар Марал баба қорымында мәңгілік мекен тапқан баба ұрпақтарына тәу етіп, құран бағыштады. Арнайлап, өздерімен алып келген малын сойып, ас берді. Құран бағыштады. Бабаға тәу етіп, тағзым етті. Құрман әулие бабамыздың өмірі жолынан көптеген дерек алдық. Бұрын көрмеген ағайындармен танысып, арқа-жарқа болып қалдық», – деді ол.