Kyzylorda-news.kz Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясы өтті.

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», — деген екен Ш. Уәлиханов. Тәуелсіздік пен жастарға білім беруді саясаттың басты шарты ретінде алға қойған ел Президенті қашанда біздің буынға үміт артады.

Жастарымыз ар-намыс, парызға сенімділік, парасаттылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтардың  жолын ұстанып өсуі тиіс. Өзіне қатысты талапшылдық, төңірегіндегілерге қатысты адалдық, елге қатысты сенімділік — өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шешуші сәттер, міне, осылар.

Жас ұрпақ айтылған алғы күннің міндеттерінің абыройлы орындалуына өз үлестерін қосады деген сенімдемін.

Манзура Абдугафарова,
Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

Тағы да оқыңыз: