Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс алаңында мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жөндеу сапасын арттыру шараларын талқылады.

Аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол саласын дамытуда нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті.

Сырдария жол құрылысы.jpg

Бүгінде «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының 10,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарын «Қызылорда жолдары» ЖШС атқаруда.

Аудан басшысы жол инфрақұрылымының тұрғындар өміріндегі маңыздылығын атап, жөндеу жұмыстарының сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ, жол құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда болатынын айтып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сырдария жол құрылысы 3.jpg

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: