Kyzylorda-news.kz. Бүгін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының бөлім басшысы Назарбек Ерінбетов және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ Жаңақорған ауданындағы өкілі Султан Сарсеновпен бірге арнайы жылу өлшегіш құралымен Жаңақорған кентіндегі бірқатар тұрғын үйлерді аралап, газдың жылу мөлшері тексерілді.
Тексеру нәтижесінде газбен жылыту пештерінің жеке тұрғын үй жылыту жүйесіне беріліп тұрған жылу мөлшері талапқа сай берілуде (55-75С). Алайда, әлеуметтік желіде бірқатар тұрғындар газдың жылу мөлшері төмен және тұрғын үйдің салқындауы жайында шағымдар жазылған болатын. Бірінші кезекте осы шағымдар бойынша жылу мөлшері анықталып, шағымдарына түсініктеме берілді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктердің орын алу себептері талданды. Мәселен, тұрғын үйдің құрылысы кезіндегі құрылыс нормаларының сақталмауы, жылу сақтау қабілеттігінің төмендігі, тұрғын үй қабырғасымен, терезенің арасындағы саңлаулар, газ қазандығының үйдің көлеміне сәйкес келмеуі, газ қазандығының тұрған бөлмесіне артық заттардың қойылғандығы (газ пешінің дұрыс жұмыс жасауына кедергілер), сондай-ақ іргетаспен жабын арасындағы құрылыс кезінде ескерусіз қалған саңлаулар жылуды ұстап тұрмауы секілді жайттар жылу сапасының төмендеуіне алып келеді.
Іс-шарада анықталған кемшіліктер баста назарға алынып, сол бойынша жұмыстар жасалады.

