Kyzylorda-news.kz  Қаламыздың жол-көлік қатынасы үшін маңызды Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын Әбілқайыр хан көшесі тұсынан Саламатов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын. 

Сырдарияның жағалауымен салынған автожолға “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ҚОФ мамандары кезекті тексеруге шығып, асфальт жабындысынан сынамалар алды. Жалпы осы кезге дейін орталық инженерлері 20 рет бақылау жүргізіп, құрылыс материалдарынан алынған 57 зертханалық сынаманың 14-і талапқа сай еместігі анықталды. Олқылықтар бойынша мердігер мен тапсырыс берушіге тиісті ұсыныс беріліп, кемшіліктер қайта қалпына келтірілетін болады.

Тағы да оқыңыз: