*Kyzylorda-news.kz. Республика бойынша зауыт, фабрикасы бар қалаларға қарағанда, Қызылорда облысының ауасы әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие. Бұл жайлы бізге Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық филиалының зертхана бастығы Гүлшат Әзілханқызы айтып берді. Жалпы аймақ халқы Арал теңізінің экологиялық ахуалы мен Байқоңыр ғарыш айлағының салдарынан қауіптеніп, ауа тазалығына жиі сенімсіздік білдіреді. Алайда білікті маман бұл пікірдің орынсыз екенін алға тартып, тұрғындарды алаңдамауға шақырды.*

«Биылғы жылдың жарты жылдық қорытындысына қарасақ, облыс ауа тазалығы бойынша бірінші деңгейде тұр. Бұл ластану көрсеткіші төмен деңгей болып есептеледі. Сондықтан жалпы өңірдің ауасын таза деп айтуға болады. Сондай-ақ қазір Air.kz мобильді қосымшасы іске қосылған. Қосымшаны телефонға жүктеу арқылы ауа құрамын кез келген уақытта бақылап отыруға болады. Бұл жердегі ақпарат барлық тұрғындар үшін қолжетімді», ‒ дейді Гүлшат Әмірәлиева.

Тағы да оқыңыз: