Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірінші тоқсанға арналған нұсқауына сәйкес, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі бойынша мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу, оларды жасауға қатысты бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында, департамент бастығының бұйрығымен ағымдағы жылдың караш айының 28-30 күндері аралығында облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара бойынша департаменттің барлық қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспар бекітілді. Жедел-профилактикалық іс-шарасына жеке құрамның күш-құралдары жұмылдырылды.

Шара кезінде мал ұрлығының 14-дерегі ашылған «өткен жылдары» жасалған 2 қылмыс ашылды. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде мал ұрлығымен тіркеліп, кейін малы далалық жерден  табылуына байланысты 14 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. 

Ұрланған және жоғалған 20 бас мал табылып, иелеріне қолхатпен қайтарылды. Сонымен қатар, барлық аудандар мен облыс орталығында мал және ет өнімін тасымалдау фактілерін анықтауға және ет өнімін сататын базарлар мен жайыл орындарды тексеру үшін мобильдік топтар құрылып, жұмыстар атқарылды.

Ұрланған және иесіз жүрген малды анықтау мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдаған 410 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 166 орын, 100 фермерлік шаруашылық, шалғайдағы нүктелер тексерілді. 

Мал ұрлығы қылмыстарын болдырмау, алдын алу, ашу бағытында жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 10.06.19.jpeg

Тағы да оқыңыз: