Қызылордада қой ұрлаған тұрғын ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада қой ұрлаған тұрғын ұсталды

03.03.2020, 11:00

1104 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер қой ұрлаған қаскөйді ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Шәкен ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас қойын ұрланғандығы туралы шағым түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы осы аудан  тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақты зат алынды.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.