Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды.

Мәжілісте аудан бойынша 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысымен жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде оң өсім қалыптасып, бекітілген межелердің орындалғаны айтылды. Салалар бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен индикаторлардың орындалу барысы талқыланды.

Аудан басшысы әрбір көрсеткіштің сапалы орындалуы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

– Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы – ауданның даму қарқынын айқындайтын негізгі өлшемдердің бірі. Сондықтан әрбір сала бойынша бекітілген жоспарлы индикаторлардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады. Әрбір жауапты мекеме өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжіліс қорытындысында жауапты сала басшыларына көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы мәжіліс отырысы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: