Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2026 жылдың І жартыжылдығындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы және жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің І жартыжылдық қорытындысы бойынша жоспарлы индикаторлардың орындалу деңгейі талқыланды. Сондай-ақ, суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу, рейдтік және түсіндіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысында Жалағаш ауданының әкімі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, межелі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды міндеттеді.

Тағы да оқыңыз: