Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты.

Ауданға кезекті іссапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының мақсаты елмен кездесіп, халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болды.

Депутат алдымен ауданның Майлытоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Мәжіліс депутатымен бірге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Сыздық пен аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов және БАҚ өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында ауылы тұрғындары өздерін мазалаған мәселелерді ортаға салды.

Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген азамат Жағыпар Құрмантаев ауылшаруашылығы жерлерін игеру мақсатында жер телімі халыққа берілсе деген ұсынысын айтты. Ардагердің жиырма бас сиыры бар. Сондықтан бұл мәселемен күнделікті бетпе-бет келуге тура келеді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылға жаңа мәдениет үйі қажет екенін айтты. Сондай-ақ «Beeline» оператор желісін жақсарту, жаңа футбол алаңы салынса деген мәселелерді көтерді. Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: