Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімдігінде аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.
Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық активтер саласын дамыту туралы» мәселесі қаралды.
2026 жылғы 7 шілдеде Мемлекет басшысы цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойған. Онда цифрлық қаржы активтері мен цифрлық майнинг индустриясын реттеу және дамыту бойынша бірқатар міндеттер белгіленген.
Цифрлық активтер саласы қазіргі таңда қаржы, инвестиция, технология және цифрлық экономиканың дамуымен тікелей байланысты маңызды бағыттардың біріне айналып келеді.
Осыған байланысты Үкімет деңгейінде қойылған міндеттерді аудан көлемінде сапалы іске асыру, тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – деді аудан әкімі.
Күн тәртібінен тыс қосымша 1 мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов Отбасының цифрлық картасының «А» және «В» деңгейлеріндегі отбасыларға жүргізіліп жатқан сауалнама жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кент орталығында атқарылып жатқан абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының орындалу барысы қаралып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
