Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы, құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуы, жылу беру маусымына дайындық және жылу қазандықтарының жай-күйі, сондай-ақ тазалық жұмыстарының барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

«Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар ауқымды. Басталған құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, жаңа жобаларды алдын ала дайындауымыз қажет. Әсіресе, елді мекендердегі коммуналдық жүйелерін жаңғырту және басқа да инфрақұрылым мәселелеріне қатысты жобаларды нақтылап, ұсыныс енгізіңіздер. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Кенттің тазалығы мен көркіне де ерекше мән беру қажет. Елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру және тазалықты сақтау бағытында нақты жұмыстарды қолға алыңыздар», – деді Е.Төрәлиев.

Аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап, нәтижесі туралы өзіне баяндап отыруды міндеттеді.

Тағы да оқыңыз: