Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, шығармашылық индустрияны дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру, әскерге шақыру жұмыстары талқыланды.

– 2024 жылдан бастап барлық қала, кент және елді мекендердегі мәдениет ошақтары жанынан тұрғындар мен жастарды отаншылдық пен мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін түрлі бағыттағы үйірмелерді қамтитын «Адал адам» орталықтары құрылып, жұмыс жасауда.

Тұжырымдаманың жеті бағыты бойынша үйірмелерге 1722 азамат қатысуда. Дегенмен, бұл көрсеткіш өте аз және орталықтың жұмысы жұртшылық арасында көп насихатталмайды, – деген аудан басшысы орталықтардың саны мен сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты.

Саладағы құрылыс жұмыстарын да назарға алған аудан әкімі Аманөткел ауылдық мәдениет үйі мен Руханият орталығының құрылыс жұмыстары сапалы әрі мерзімінде жүргізу және ауылдық клубтарды оңтайландыру жөнінде жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Жиын барысында Наурыз мерекесіне дайындық барысын бір пысықтап өткен аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ауданда күзгі мерзімде әскерге шақыру жұмыстарына тоқталды.

Бұл мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Серік Саянов хабарлама жасады.

Өткен жылдың күз мезгілінде әскерге барушылардың саны күрт төмендеп кеткен. Бұл мәселеге қатысты ауылдық округтер уақытылы жұмыс атқарғанмен нәтиже мардымсыз күйде қалып отыр.

Жастардың әскери салаға деген құлшыныстарын арттыру, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында жүйелі жұмыстар атқару керектігін аудан әкімі тиісті бөлімдерге міндеттеді. Сонымен қатар бұл жұмыстарға аудандық полиция бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері де атсалысу керектігін атап өтті.

Арал ауданы мәжіліс отырысыы.jpg

Фото: Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: