Kyzylorda-news.kz.  Парламент Мәжілісіне Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі:

Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.

Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны – 351 адам.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс берілді. 11 қаңтарды Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.

Тағы да оқыңыз: