Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін мәжіліс сайлауында дауыс беру кешірек басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында учаскелер жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де жұмысын бастайды. Дегенмен уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бір сағатқа кеш ашылады.

Жексенбі, 2021 жылдың 10 қаңтарында таңғы сағат 7-де Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылады.

Сағат 20.00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталады және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады деп жоспарланып отыр.

Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: