Kyzylorda-news.kz Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудандық мәслихат төрағасы және “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.

Мәжілісте 2 мәселе қаралды. Біріншісі мәселе бойынша ”Еңбек қауіпсіздігі және еңбек саласын цифрландыру” бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов хабарлама жасады. Ол өндірістік қауіпсіздік, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс орындарындағы еңбек талаптарының сақталуы жөнінде нақты деректер келтіріп, алдағы міндеттерді баяндады.

Ал екінші мәселе төңірегінде ”Туризм саласын дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасау” бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің міндетін атқарушы Жазира Жақсылықова баяндама жасады. Ол Шиелі ауданының тарихи-мәдени орындарын насихаттау, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейту, сервистік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

«Басты мақсат – халыққа қолайлы жағдай жасау. Әрбір қабылданған шешім мен тапсырманың нақты нәтижесі болуы тиіс», – деді аудан басшысы Айтбай Жандарбеков.

Аудан әкімі күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуын талап етті.

Тағы да оқыңыз: