Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімдігінде аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.
Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжіліс барысында «2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасы және «Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы» мәселесі жан-жақты талқыланды.
«2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республикалық бюджет туралы заң жобасы – ауданның алдағы орта мерзімді кезеңдегі даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Осыған байланысты барлық бюджеттік өтінімдер мен жоспарланған жобалар нақты есеп-қисапқа, әлеуметтік-экономикалық тиімділікке және аудан тұрғындарының өзекті қажеттіліктеріне негізделуі тиіс» және Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы бойынша қазандықтар мен жылу желілерінің техникалық дайындығына ерекше назар аудару қажет. Барлық жылу беру нысандары толық тексеріліп, анықталған ақаулар уақытылы жойылуы тиіс. Жөндеу жұмыстарының сапасына да, олардың белгіленген мерзімде аяқталуына да жауапты басшылар тікелей бақылау жасауы керек»- деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.
Сонымен қатар, мәжілісте «Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы» және «Кент және ауылдық округтердің бас жоспарларына түзету енгізу жұмыстарының барысы туралы» бойынша қосымша мәселелер қаралып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
