Kyzylorda-news.kz  Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру барысы» мәселесі қаралды.

«Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен жиында нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімі өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды. Қоғамдық орындарда және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға басымдық беру маңызды. Заң мен тәртіп қағидатын берік ұстанып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз қажет», – деді Ерлан Төрәлиев.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының тоғызыншы тарауында көрсетілген міндеттерді іске асыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау мақсатында «Жалағаш – заңға бағынған, тәртіпке негізделген аудан» жобасы аясында бірқатар жұмыс атқарылды.

Атап айтқанда, жастар мен жасөспірімдер арасында заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз Жалағаш» рейдтік іс-шаралары тұрақты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 14 ауылдық округ алкогольден толықтай бас тартып, «Алкогольсіз ауыл» бастамасын жүзеге асырды.

Жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Мәулен Өсер 2026 жылдың 9 айындағы аудан көлеміндегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің жай-күйі және атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы баяндады. Жиын қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Жалағаш заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету 2.jpg

Тағы да оқыңыз: