Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекет басшысының 19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында берген тапсырмаларын сапалы орындау, алдағы кезеңде жүзеге асырылуы тиіс жобаларды сапалы әзірлеу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, алдағы міндеттер айқындалды.

Жалағаш мәжіліс отырысы 2.jpg

«Әрбір тапсырма нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Жүктелген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет», – деді Е.Төрәлиев.

Мәжіліс қорытындысымен жауапты сала басшыларына бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Аудан әкімі әрбір берілген тапсырманың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң ескертті.

Жалағаш мәжіліс отырысы 3.jpg

Тағы да оқыңыз: