Kyzylorda-news.kz.   ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның 7 тұрақты комитетінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұсынысымен:

– Аграрлық мәселелер комитетіне парламенттік оппозициядан Ерлан Барлыбаев, («Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы)

– Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне Жәмила Нұрманбетова,

– Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Қанат Мусин,

– Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Айгүл Құспан,

– Қаржы және бюджет комитетіне Марат Құсайынов,

– Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне Альберт Рау,

– Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне парламенттік оппозициядан Александр Милютин (Қазақстан халық партиясы) төраға болып сайланды.

Тағы да оқыңыз: