Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Төретам кентінің тұрғындарымен кездесті.

Фракция мүшесі Ғалым Әміреевпен бірге кездесуге «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Н.Мақұлбеков, Қармақшы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Жумадьяров, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б.Далабаев қатысты.

Кездесуде кент тұрғындары тарапынан тазалық мекемесін ашу, газдандыру, жер мәселесі, ауыз су, саябақ салу және т.б. бірқатар мәселелер көтерілді.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғалым Махмұтбайұлы айтылған ұсыныстарды бақылауға алып, алдағы уақытта шешілуіне тиісті жұмыстар атқаратындығын жеткізді.
Мұнан кейін фракция мүшесі Төретам кентіндегі күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан №85 орта мектеп нысанының жұмысымен танысты.

Зерделеу жұмыстары барысында Ғалым Махмұтбайұлы «SCS Инжиниринг» ЖШС мердігер мекемесінің басшылығымен кездесіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарымен танысты.
Танысу барысында фракция мүшесі тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына және нысанның мерзімінде аяқталуына басты назар аударылды.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев, «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Н.Мақұлбеков, Қармақшы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Жумадьяров және Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б.Далабаевпен бірге Ақай ауылдық округінде орналасқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.

Құрылыс нысанымен танысу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Махмұтбайұлы мердігер мекемесінің басшылығына жұмыстың сапалы әрі жүйелі жүргізуді тапсырды.

Депутат одан әрі Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында фракция мүшесі Ғалым Әміреев денсаулық сақтау саласы өкілдерінің ұсыныстарын мұқият тыңдап, тез арада мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы жеткізді.

Тағы да оқыңыз: