Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Б.Смағұл және Ғ.Әміреев Қазалы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан, азық-түлік бағасының және құрылыс заттарының қымбатшылығы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауыл шаруашылығы және оқушылардың мектепке қатынауы туралы мәселелер қозғалды.

Мәжіліс депутаттары әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, заң аясында шешілу жолдарын айтып, қойылған сұрақтарды назарға алғандарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: