Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев пен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы іс-сапармен келді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Жалағаш аудандық Полиция бөлімінің жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуын, бейнебақылау жүйесінің тиімділігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін бақылап көрді.
Бүгінде Жалағаш кенті орталығына 72 бейнебақылау камерасы орнатылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мәжіліс депутаты құқық қорғау саласын одан әрі дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ұсыныстарын білдіріп, жедел басқару орталығының маңыздылығын атап өтті.
Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі