ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, «РУ-6» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Бүгінде «РУ-6» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жетекші уран өндіруші кәсіпорындарының бірі ретінде танымал. Күрделі қалыптасу жолынан өткен кәсіпорын, қазір «Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын» кен орнында табысты уран өндіруші компанияға айналған. «Кен басқармасы - 6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрылымына кіреді.
Құрылтайшысы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
«РУ-6» ЖШС ашық атауы бар кәсіпорын 1983 жылдың 1 қаңтарында КСРО орта машина салу министрінің бұйрығымен Қазақ КСР-ң Қызылорда облысы Шиелі кентінде құрылды.
«РУ-6» ЖШС Қызылорда облысының «Солтүстік Қарамұрын» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарында уран өндіруді жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіріп, алқашқы өңдеу жүргізумен айналысады.
№6 Кен Басқармасының негізгі қызмет түрлері: уран кенін өндіру, басқалай бейорганикалық химиялық заттарды өндіру, қауіпті қалдықтарды жинау, қауіпсіз қалдықтарды жинау, қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою, қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою.
Бүгінде «РУ-6» ЖШС - не қарасты өндіріс орынында 2500 – нан аса азаматтар табысты жұмыс жасап келеді.