Kyzylorda-news.kz Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Қарақат Абден Арал ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, қолға алынып жатқан жобаларға қанықты.

Алдымен Арал қаласында жаңадан ашылған Руханият орталығының жұмысымен танысты.

Халық игілігіне берілген орталықта музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталығы мекемелері орналасқан.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қ.Әбден орталықта мұражай экспонаттарымен танысып, ардагерлер және аналар орталығының өкілдерімен жүздесті. Мұндағы орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, аталған руханият ордасында елдің игілігіне жарайтын, жастарға жақсы үлгі болатын түрлі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

Мұнан соң «Qazaqstan halqyna» қоры ауданаралық оңалту орталығының жұмысымен танысты.

Оңалту орталығында Қазалы ауданының және Ақтөбе облысының Шалқар ауданының мүгедек балдарына медициналық көмек көрсетуі мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда орталықта ішкі жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Осындай заманауи орталық бұған дейін облыстық балалар ауруханасының жанынан ашылған болатын. Ол жүйелі және кешенді тәсілдермен жұмыс жасап, тиімділігін көрсетіп келеді.

Халық қалаулысы орталық ғиамарытының құрылыс жұмыстарымен танысып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мәжіліс депутаты «Ase Invest» өндірістік зауыттың жұмысымен танысты.

Жоба өңірлік пулға енгізілген, құны 300 млн. теңгені құрайды. Зауыт күніне 22 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда өнімнің 50%-ы экспортқа бағытталып отыр. Кәсіпорын жобаның екінші кезеңінде ылғал майлықтарды шығаруды жоспарлауда, цех жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде. Кәсіпорын жалпы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш қосымша өндіріс көзі пайда болғанда еселенбек.

Арал 2.jpg

Қарақат Жақсылыққызы зауыт жұмысына сәттілік тілеп, мұндай өндіріс ошақтарының көптеп салынуы ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

Мұнан соң қаладағы «Aral See food» балық зауытында болды.

Аталған цехта балықтар «Евростандарт» бойынша мақұлданған технологиямен өңделіп, ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Қазіргі таңда аталған зауыт аумағынан балық қалдықтарынан ұн шығару жұмыстарын жолға қойған. Ұн шығаруға арналған цехқа қажетті құрылғылар да жеткілікті. Жергілікті өнім өндіруде озық технологияның мүмкіндіктеріне иек артқан цехта қазіргі таңда жұмыс күші де жеткілікті.

Арал 1.jpg

Теңіз өнімдерін түрлі деңгейде өңдеп, нарыққа жөнелтуді қолға алған кәсіпорынға халық қалаулысы сәттілік тілеп, жобаны жүзеге асыруды қолға алған іскер азаматтарға үкіметтен әркез қолдау болуы керектігін жекізді.

Фото: Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: