Kyzylorda-news.kz.  ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Мұрат Әбенов «Қызылорда облысының кәдіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде болып сала өкілдерімен кездесті.

Басқосуда еңбек ұжымдары және мемлекет үшін кәсіподақ бірлестіктерінің атқаратын рөлінің маңыздылығы талқыланды.

Түрлі саладағы кәсіподақ бірлестігінің өкілдері мәжілісменге өзекті сауалдарын жолдады. Мәселен, медицина қызметкерлерінің оның ішінде мейірбикелердің жалақы мөлшерінің төмендігі, несие алудағы заңдылықтар мен банк пайыздарының көптігі, нарықтық экономикадағы бағаның күн сайын шарықтап өсуі талқыланды.

Медицина саласын қолдауда салалық министрлік тарапынан біршама мәселелер көтерілді. Заңға енгізілетін бір мәселе бар. Кез-келген ұжымда ең көп және аз айлықтың ортасын шектеп белгілеп алу қажет. Сондықтан депутаттар тарапы басшы мен жұмыскердің жалақысының ортасында алгоритм қалыптастыруға ұсыныс беру қажет,-деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, фракция мүшесі сайлау заңдылығының өзгеріп, қазіргі кезде қалаларда бірмандаттық жүйе, облыс бойынша жартылай партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттарының сайланып жатқанын тілге тиек етті.

Отырыс барысында кәсіподақ мүшелері кәсіппен айналысатын, қол астында қызметкерлері бар азаматтар арасында кәсіподақ жұмысын насихаттап, оның аясын кеңейту турасында да ұсыныстар жолдады.

Пікір алмасудан кейін фракция мүшесі Мұрат Әбенов «ASTANA TV» телеарнасына сұхбат берді.

Қызылорда облысы бойынша қарқынды даму жұмыстары байқалады. Бұған партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобаларының септігі тиюде. Бұдан бөлек, ауылдық елді мекенде әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Оның ішінде мектептер, медициналық нысандар бар. Сондай-ақ, спорт кешендері мен жол инфрақұрылымы да қарқынды дамуда. Ауылдар мен аудандарда жасалған жағдайлардың арқасында жастар ауылға көшуге қызығушылық танытуда.

Қазіргі кезде бір жерде жылу орталығы ескірген, өзге де мәселелері болса, Қызылорда облысында партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында онан бөлек, инвеситиция тартып, кәсіпкерлер көмегімен көптеген жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде құны 215 миллиард теңге болатын ЖЭО-да бар,-деді мәжілісмен.

Тағы да оқыңыз: