Kyzylorda-news.kz  Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетовтың жұмыс сапары Шиелі ауданында жалғасты.

Мәжілісмендер алдымен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының бойындағы көп функционалды қызмет көрсету кешенінің құрылысымен танысты. Халық қалаулыларын күтіп алған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков нысанның құрылысы, оның аудан экономикасына тигізер пайдасы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

«Жалпы жоба құны 1,5 млрд. теңгені құрайды. Аталған жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Тұран ауылдық округі тұсынан 2 га жер телімі табысталды. Жоба толық іске қосылғанда жылына аудан бюджетіне 200 млн теңгеге жуық салық түседі деп жоспарлап отырмыз. Газ толтыру компрессорлық станцияс бар сервистік қызмет көрсету кешені іске қосылғанда 27 аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», - деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.

Жоба құрылысын «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-і жүргізуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 15 азамат қамтылған.

Тағы да оқыңыз: