Kyzylorda-news.kz Әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 15 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді.
Олар:
1. балалар;
2. ресми түрде тіркелген жұмыссыздар (2026 жылдан бастап олардың жарнасын әкімдіктер төлейді);
3. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер (соңғы екі айда олар үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленбеген кезде);
4. үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі – жұмыс істемейтін ата-ана;
5. жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оған (оларға) күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар;
6. мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
7. бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
8. Қазақстанның БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
9. сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);
10. тергеу изоляторларында отырғандар, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар;
11. жұмыс істемейтін қандастар;
12. «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын алған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сондай-ақ «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен наградталғандар;
13. мүгедектігі бар адамдар;
14. орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар (күндізгі бөлім студенттері);
15. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін тұлғалар.
2026 жылдан бастап жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейді. Сондай-ақ олар Д және Е санатындағы азаматтар үшін жарна төлеу міндеттемесін өз мойнына алды.
