Kyzylorda-news.kz. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары мемлекеттен медициналық сақтандыру жарналарының арқасында МӘМС шеңберінде медициналық көмек ала алады. Уақытша сақтандырылу мәртебесін (жеке тұлғалар санаттары бойынша сақтандырылмағандығы анықталған жағдайда) Qoldau 24/7 қосымшасының көмегімен үйден шықпай-ақ алуға болады.
Оқырмандар назарына Qoldau – 24/7 қосымшасының көмегімен сақтандырылудың уақытша мәртебесін қалай алуға болатыны туралы толық нұсқаулықты ұсынамыз.
- Ұялы телефонда Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасын AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында https://fms.kz/kk сілтеме бойынша жүктеп алыңыз және орнатыңыз («Халықтық бақылау» қойындысын таңдаңыз, содан кейін «Call Center»)
- Жүйеде тіркеліңіз: электрондық мекенжайды, тегін, атын және байланыс телефонын енгізіңіз;
- Тіркелгеннен және кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдаланыңыз;
- «Өтінішті құру» нысанында «консультация» санатын таңдаңыз;
- Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
- «Өтініш мәтіні» жолында міндетті түрде жеңілдік санатын және өз ЖСН көрсетіңіз;
- Сканерленген құжатты немесе растайтын құжаттың суретін тіркеңіз. «Файлды тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
- «Өтінішті жіберу» батырмасын басыңыз;
Сәтті толтырылған жағдайда «Өтініш сәтті жасалды! Терезені жабу үшін» батырмасы шығады. Барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда МӘМС жүйесіндегі сіздің мәртебеңіз 40-50 минут ішінде жаңартылады.
Сондай-ақ, Qoldau-24/7 қосымшасында сіз кеңес алуға, шағым жолдауға, алғыс білдіруге, ұсыныс қалдыруға және сақтандыру мәртебесін тексереуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз.