Kyzylorda-news.kz. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары мемлекеттен медициналық сақтандыру жарналарының арқасында МӘМС шеңберінде медициналық көмек ала алады. Уақытша сақтандырылу мәртебесін (жеке тұлғалар санаттары бойынша сақтандырылмағандығы анықталған жағдайда) Qoldau 24/7 қосымшасының көмегімен үйден шықпай-ақ алуға болады.

Сіздердің назарларыңызға Qoldau – 24/7 қосымшасының көмегімен сақтандырылудың уақытша мәртебесін қалай алуға болатыны туралы толық нұсқаулықты ұсынамыз.

  • Ұялы телефонда Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасын AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында сілтеме бойынша жүктеп алыңыз;
  • Жүйеде тіркеліңіз: электрондық мекенжайды, тегін, атын және байланыс телефонын енгізіңіз;
  • Тіркелгеннен және кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдаланыңыз;
  • «Өтінішті құру» нысанында «консультация» санатын таңдаңыз;
  • Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
  • «Өтініш мәтіні» жолында міндетті түрде жеңілдік санатын және өз ЖСН көрсетіңіз;
  • Сканерленген құжатты немесе растайтын құжаттың суретін тіркеңіз. «Файлды тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
  • «Өтінішті жіберу» батырмасын басыңыз;

Сәтті толтырылған жағдайда «Өтініш сәтті жасалды! Терезені жабу үшін» батырмасы шығады. Барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда МӘМС жүйесіндегі Сіздің мәртебеңіз 40-50 минут ішінде жаңартылады.

Сондай-ақ, Qoldau-24/7 қосымшасында сіз кеңес ала аласыз, шағым жолдай аласыз, алғыс білдіре аласыз, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, сақтандыру мәртебесін тексере аласыз, МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз.

Тағы да оқыңыз: