Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі толық күшіне енді. 2015 ж. 16 қарашада ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы қабылданды.

«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,1 млрд. теңге аударды. Бүгінгі таңда аймақ халқының 86,6 % – ы шартты түрде сақтандырылған”, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Филиал басшысының мәліметтері бойынша, аймақ халқының жалпы санынан 802,3 мың адам, 471 мыңнан астам тұрғын (58,8%) азаматтардың 15 жеңілдік санатына жатады. МӘМС-тің қалған қатысушылары – жалдамалы жұмысшылар (227,7 мың адам), жеке кәсіпкерлер (34,5 мың адам), Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер (12,9 мың адам), ерікті төлеушілер (55,4 мың адам).

Бақыт Торғайбайұлы облыс тұрғындарын медициналық сақтандыру жүйесімен толық қамту, барлық медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау, аймақтын әрбір тұрғынының сақтандырылу мәртебесін анықтау мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 22 503 (2,8%) мәртебесі өзектендіруді қажет етеді.

«Қазіргі уақытта медициналық көмектің түрлері орналастырылып, медициналық қызметтерді сатып алу шаралары аяқталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен сәйкес, медициналық көмек ауқымының 20% ұлғаюына орай, 2020 жылы Қызылорда облысы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті  55 156 594 мың тенгені құрап отыр. оның ішінде 40 612 105 мың теңгесі (74%) тегін медициналық көмектің кепілдікке берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет үшін 14 544 489 мың теңге (26%) құрайды», – деп хабарлады Қор филиалының директоры.

Сондай-ақ, амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру көлемі де 2020 жылға 12% артып, 17  019 96 мың тенгені құрағанын атап өтті. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым қаржыландырылуы аймақ тұрғындарын алдын-алу шараларымен қамтуға бағытталды. Консультативтік-диагностикалық қаржыландыру көлемі 6 есеге көбейіп, 5 378 609 мың тенгені,  оңалту емдеу шараларын қаржыландыру  11 есе артып,  2 012 593 мың теңгені қамтыды. Амбулаторлық, дәрілік қамтуға ТМККК және МӘМС жүйесін қаржыландыру 2 есеге артты.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  балаларға рецепт бойынша берілетін дәрілер медициналық сақтандыру есебінен тегін беріледі. Облыс бойынша 2020 жылға жоспарланған консультациялық-диагностикалық көмектің 1 243 131 мың тг-сі облыстағы 7 КТ және 4 МРТ  аппараттарына жоспарланды», – деп атап өтті Б.Исмаханбетов.

Қор филиалының директорының айтуынша, сатып алу шарасының нәтижесінде 56 медициналық қызмет көрсетушілер қатысты, оның 28-і мемлекеттік жекеменшік мекемелер (50%).

Тағы да оқыңыз: