Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 36,3 млрд. теңге аударды.

«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 тамызына дейінгі аралықта Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 36,3 млрд. теңге аударды, оның 23,2 млрд. теңгесі (63,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 13,1 млрд. теңге (36,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.

Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 136 407 мың тұрғыны медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Бүгінде МӘМС жүйесінде өңірдің 664 мыңнан астам немесе халықтың 83 пайызы сақтандырылған (өңір халқы – 800 820 мың адам). Сақтандырылмаған азаматтар үлесінің 91 мыңнан астам адам (66,8%) соңғы 12 айда төлем жасамағандар және жеке практикамен айналысатын 21,5 мыңға жуық адам аудармаған. Сақтандырылмаған қалған тұрғындар – бұл әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер және басқа да санаттағы адамдар.

Тағы да оқыңыз: