Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай-МӘМС) жүйесі енгізіліп, 1 шілдесіне дейін барша азаматтарды шартты түрде сақтандырылып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай-ТМККК) мен МӘМС жүйесіндегі медициналық пакеттер теңдей көрсетілді.  Қазіргі таңда шартты кезеңнің уақыты аяқталды.

Қазіргі таңда МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті алу үшін азаматтар медициналық мекемелерге жүгінген кезде сақтандырылғандар санатында жатпай қалған сәттер көптеп туындауда. Негізгі себептер: мемлекеттің 15 санат үшін төлейтін МӘМС жарнасынан түсіп қалу, өз мәртебелерінің дұрыс анықталмауы, қаражаттардың дұрыс аударылмауы, және т.б. сұрақтар көрініс табуда. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен өткен МӘМС мәртебесін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңесте мәлімдеді.

Мысалы, жоғары немесе орта арнайы оқу орнында оқитын студенттердің мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, олар өздері оқитын оқу орнына жүгіну керек. Оқу орнының әкімшілігі әр бір студенттің аты-жөні мен ЖСН-н ақпараттандыру жүйесіне енгізуге міндетті. Егер де студент шетелде оқитын болса, ол Білім және ғылым министрлігінің  сандық трансформация Департаментіне (8-7172-7415-33, 74-21-75, 74-24-27) оқу орнында оқитыны туралы дәлелдейтін құжаттарын ұсыну керек. Осыған байланысты бұл мәселе білім басқармасының құзырында.

Ішкі істер органдарында немесе әскери қорғаныс мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер төлеуден босатылуына байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрықтарына сәйкес, аталған мекемелердің кадр бөліністері әр бір қызметкердің аты-жөні мен ЖСН-н «Тұлғаларды есепке алу жүйесіне» тіркеу қажет. Ол үшін қызметкерлер өздері қызмет атқаратын кадр бөлінісіне немесе Ішкі істер министрлігіне 8-7172-715-229, Қорғаныс министрлігіне 8-7172-721-289, 721-300 телефондарына хабарласу қажет және жергілік органдардың кадр бөлімдері шешу керектігін ескертеміз.

Егер де жеңілдігі бар санаттағы тұлғалар, оның ішінде жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, мүгедек бала күтімімен айналысатын істемейтін азаматтар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін азаматтардың мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, олар облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалына жүгіну керектігін айтамыз.

Жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлерге еңбек демалысы кезінде МӘМС жарнасын аудармау себептері көптеп кездесуде.Сондықтан МӘМС заңының 5 бабының 3 бөлімінде көрсетілгендей өткен он екі айдан аспайтындай мерзімде МӘМС жүйесінде медицианлық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеу міндетті болып саналады. Сондай сұрақтарға Азаматтарға арналғын үкімет Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалына (ГЦВП) жүгіну керектігін айтқымыз келеді. Қор аударымдар мен жарналардың жүру тәртібіне жауап берілмейтіндігін айтқымыз келеді.

Тағы бір өзекті мәселе. 42500 әлеуметтік төлем алған кезде, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар (15 санатқа жататындар) Біріңғай жиынтық төлемді бір айға төлем жасап өз мәртебесінен айырылған жағдайларда туындаған. Оларға да сақтандырылмаған санат беріліп отыр, өйткені БЖТ төлеген сәттен бастап олардың санаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып ауысқан, алайда ары қарай айма ай төленім жүргізбеген. Енді оларды қайта 15 санаттың ішіне кіру керектігін, одан бөлек тіркелемін дегенше өткен айларына жарна  жасалуын және тиісті мекемлерге жүгіну керектігін ескертеміз.

Осыған қоса, медициналық мекемелердің қабылдау бөлімдері мен учаскелік мамандардың тұрғындарға дұрыс, толық ақпарат бермеуінен көптеген қиындықтар тудыруда.

Пандемия кезінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдік мәселесіне ерекше назар аударамыз. ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 20 сәуіріндегі №224 Қаулысына сәйкес кейбір үлкен және шағын, орта бизнес өкілдері қарамағындағы қызметкерлерге төленетін салықтық төлемдерден босатылды, оған қоса МӘМС аударымдарынан да босатылған. ШОБ қызметкерлерінің медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлердің ЖСН номерлері арқылы «Saqtandyry» ақпараттық жүйесініңhttps://msb.fms.kz/login сайтына (одан бөлек Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында да орналасқан) тіркеуі қажет. Сондай-ақ, тіркеуді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.

Сонымен бірге, аймақта ШОБ жұмыскерлерін міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту деңгейі төмен. Аталған қаулыға сәйкес, облыс бойынша. 8 427 ШОБмекемелердін 12268 қызметкері МӘМСжарнасынан босатылған. Қазіргі таңда тек 63 ШОБ субъектісі «Saqtandyry» АЖ-да өзектендірілді. Бұл тек 1 262 (10,3%) қызметкері.

Медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге кірмейтін барлық қалған жұмыс берушілер төлеуді жалғастыруда.

Жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды төлеу бойынша міндеттемелер қалады. «МӘМС туралы» ҚР Заңының 28 – бабының 5-тармағына сәйкес, ЖК ай сайын 1,4 ЕТЖ-нің 5% – ы, 2975 теңге мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асыруға міндетті.

ӘМСҚ әрбір азаматқа МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» уақытша мәртебесін алуға мүмкіндік берді. Ол үшін Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын жүктеу қажет. Содан кейін мобильді қосымшада тіркеліңіз. Сонымен, азамат уақытша «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін 1 ай ішінде өзінің мәртебесін анықтауы керек. Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» – де медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері тәулік бойы қабылданады.Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі. Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» қосымшасында кеңес алуға, алғыс білдіруді, өз ұсыныстарыңызды білдіруге, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады.

Тағы да оқыңыз: